Weekend

Түркістан қаласы жайлы тарихи деректер

Түркістанға 1500 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қала ежелде Ясы деп аталып, оның төңірегі VII-XII ғасырларда Шауғар өңірі ретінде тарихта қалған. Шауғар саяси-экономикалық орталық болды. 

Кейбір деректер Ясыны ежелгі Шауғардың жанындағы қала десе, енді бірі оны Шауғардың қала-серігі болған дейді. ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды. ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. 

Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылады. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын. Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды XVІ ғасырдың соңында Сырдарияның бойындағы қала Сығанақ өзінің бұрынғы маңызын жоғалта бастады. Ал Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналған болатын. 

1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етті. Қазақ хандары XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды. 

1694 жылдың шілдесінде Түркістанға Ресейден елшілер келді. Қаланы басқарып тұрған Тәуке хан елшілердің іс-әрекетін ұнатпады. Өйткені қабылдау рәсімі кезінде елшілер ханның бас киімін шешуін талап етеді. Ресейде патшаның бұйрығын тек қана бас киімді шешіп отырып тыңдау тәртібі бар-тын. Алайда Тәуке «қазақтар тіпті намаз оқығанда да басындағысын шешпейді» деген уәж айтып, елшілерлдің айтқанын орындамаған. Түркістанда хандар, батырлар мен билер жерленген. Тарихи-мәдени «Әзірет султан» қорық-мұражайының территориясында 164 атақты тұлға жерленген. Олар әртүрлі заманда өмір сүрген күллі қазақ халқының игі жақсылары. 

Кесенеде қазақтың Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ жатыр.