Weekend

Күй өнері

Қазақтың даласы ән салып тұрғандай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Көңілді тербетіп, жанына эстетикалық ләззат сыйлайтын күй өнерінің құдіреті шексіз бе дерсің. Бойыңда тулап жатқан ыстық қаныңды қайнатып, алай-дүлей сезім кештіреді. Қазақ әдебиетінде бізге жеткен бай мұралардың көбі ауыз әдебиетінде, фольклорда. 

Ал фольклордің дені домбыраның қос ішегімен таралып жеткен. Бір ауылда айтылған ән мен күй келесі ауылда шырқалып, тербелген. Затаевичтің де "қазақтың даласы ән салып тұрғандай көрінеді" дегені де содан шығар.

Құрманғазы мен Дина, Дәулеткерей мен Ықыластан қалған дәулескер мұраны бір естіп, жаныңды тыныштандыруға болады. Бір күйінде  өртке тиген дауылдай, бірде қырдың үн-түнсіз тірлігін көз алдына елестетеді. Бірде жаугершілік заманның бет-бейнесін бедерлесе, бірде мөлдір махаббатты елестетеді. Бір күйдің шығу тарихы ширек ғасырды қамтиды. Ондағы оқиғалар шынайылығымен жанынды ширағытады. Эстраданың даңғарасынан шаршаған кезде "Көңіл толқынын" бір тыңдап демалып қаласыз. Оны қалай жасыра аласың? Мотивация, шабыт алғың келсе "Көңілашарды" тыңда. Күй шерткенде домбыраның қос ішегі ғана емес, бүкіл болмысыңның қатпарларындағы қатып қалған мұзды, мұңды сындырады, қозғайды.
Қазіргі заман шындықты бетке басып, тіке айтатын, мәймөңкелемейтін заман. Турасын айтып туғанына жақпай қалатынын тағы бар. Ата-бабаларымыз домбыра арқылы ым-ишара білдіріп, ұғынысқан. Сөйлемей бір-біріне күй арқылы тілдескен. Шыңғысханға Жошының өлімін күй арқылы естіртуінің өзі тұнып тұрған тарих. Өткенімен мақтанатын қазақтың қазіргісіне болашақ ұрпағы ауыз толтырып айта алмай ма деп ойлайсың. Күй арқылы тілдеспек түгіл домбыраны шерте де алмайды. Тек төрде ілулі тұратын сувенир ретінде сақталған. Өкінішті-ақ