Bugin
Адал достық
Орман іші. Айнала толған жасыл ағаштар. Сайраған құстардың дауысы, бұтақтан-бұтаққа секіріп жүрген тиіндер көрінеді. Жыбырлап жүрген еңбекқор құмырсқалар. Солардың ішінде екі дос құмырсқа болады. Олар қысқыға азық жинап жүреді.
Бірінші құмырсқа:
"Бірінші менің үйіме азық жинап алайықшы, сосын сенің үйіне азық жинаймыз", - дейді. Сонда екінші құмырсқа:
"Жинасақ жинайық", - деп келіседі. Сөйтіп, олар таңнан кешке дейін бірінші құмырсқаның үйіне азық жинайды. Көп ұзамай азық да жиналады. Бірінші құмырсқанның үйіне азық жиналып болған соң, бірінші құмырсқа:
"Енді менің үйіме азық жинайық", - деп айтады. Келесі күні азық жинап жүріп, бірінші құмырсқа аяғын жаралап алады. Оның досы сол күні оған мейірімділік танытады.
Сол кезде бірінші құмырсқа былай деп айтады:
- "Туф, енді қайттім?! Мен мына аяқпен енді азық жинай алмаймын ғой", - дейді. Ол сол кезде досына былай деп айтады:
- "Менің аяғым жазылғанша, сен дем ала тұр, жазылған соң қайта жинаймыз", - деп үйіне шығарып салады.
Түнімен ойланған досы: "Қыс болса тақап қалды. Ал менің досымнын үйінде азық жоқ. Мұным жарамас", - деп түнін өткізеді. Келесі күні досынын үйіне жалғыз өзі барып, қиналғанын, шаршағанын білдіртпей досынын үйіне азық жинап береді. Мұны көріп құмырсқа досы қатты риза болады. Және де құмырсқаның досы өзіне адал дос екенің түсінеді.