Weekend
Ағымдағы жылы ауданда білім сапасы 55,4 пайызды көрсетіп, өткен 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артқан
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді.
1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 79,2 пайызды (2017ж-71,3%), 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 95,1 пайызды (2017ж-87,7%) құрап, көрсеткіш тиісінше 7,9 және 7,4 пайызға артқан.
Бұған қоса, биыл Зинеден ауылында 100 орындық балабақша құрылысы жалғасып, Нарын, Томан ауылдарында 80 орындық, Исатай ауылына 100 орындық балабақшалар құрылысын салуға жобалау - сметалық құжаттамалары сараптамадан өтуде.