Weekend

Білім саласы қазақ тіліне бет бұрды. Сапасын қалай арттырамыз?

Daryn.online: Оқушының ынтасын оятамыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдегі тіл мәселесінің жыл сайын көтеріліп, ай сайын айтылып келе жатқаны белгілі. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы президент тапсырмасынан кейін өзгерістің толқыны басталып та кетті. Соның бірі білім саласындағы өзгеріс.

Соңғы үш жыл ішіндегі ҰБТ-ға қорытынды жасасақ.

2016 жыл

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тестілеу республиканың барлық облыс және басым көпшілігі аудан орталықтарындағы 165 тестілеуді өткізу пунктерінде өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 86 999 түлектен 84 079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 61 739, орыс тілінде - 22 340 бітіруші.

Сонымен қатар, тестілеудің нәтижесі бойынша шекті 50 баллды 14 252 түлек (16,95 пайызы), оның ішінде қазақ тілді оқыту бойынша 10 267 түлек болса, орыс тілді оқыту бойынша 3 985 оқушы жинай алмады. Ал бес пәннен 100 баллдан жоғары жинаған түлек саны - 16 565. 

2017 жыл

ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, олардың 67 627-сі (76,3%) қазақ тілінде және 20 968-сі (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. "Факт бойынша 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4%-н құрады.  Шектік деңгейден өте алмағандар саны - 14 066 адам (15,8%).

2018 жыл

Айта кетсек, биыл 102 447 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Соның ішінде 77 224, яғни 75%-ы – қазақ тілінде, 25 177, яғни 25% — орыс тілінде болса, 46 бала ағылшын тілінде тапсыруды жоспарлаған. 

102 447 түлектің ішінен 98 698-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Шекті деңгейден өткендер саны 84 065 түлек, яғни 85%. 14 633 бала шекті 50 балды жинай алмады. Орташа балл республика бойынша 83,1 балды құрады. 

2019 жыл

ҰБТ-ға өтініш берген түлектердің жалпы санының 94,2%, яғни 110 472-і қатысты, оның ішінде 85 194 (77,1%) – қазақ тілінде, 25 126 (22,7%) – орыс тілінде, 152 (0,1%) – ағылшын тілінде.

3 жыл ішінде қазақ тілінде ҰБТ тапсырған оқушылардың үлесі артқан.

Елімізде жалпы саны 6998 білім беретін орта мектеп бар. Аталған орта мектептердің басым көпшілігі қазақ тілінде және қазақ-орыс тілінде.

1999-2000 оқу жылында елімізде 3,5 миллион оқушы білім алған. Олардың 1,6 миллионы қазақ тілінде, 1,5 миллионы орыс тілінде білім алса, 80 мың оқушы өзбек тілінде, 23 мың оқушы ұйғыр тілінде, 2,5 мың оқушы тәжік тілінде, қалғандары өзге де тілде оқыған.

Аталаған көрсеткіш өсіп, 2014 жылы қазақ тілінде білім алғандардың үлесі 68%-ға жеткен. Ал орыс тілінде білім алған оқушылар саны – 32%. Бұл көрсеткіш соңғы бес жыл ішінде 79%-ға артып отыр. Яғни, елдегі қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны өсіп келеді.

Өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ мектептеріне беріп жатыр

Қазақ тілінде білім беретін мектептердің табалдырығын жаңа оқу жылы сайын өзге ұлт өкілдері аттап жатыр. Басты себеп, елімізді сол тілде педагог дайындайтын оқу орталықтары мен мамандықтардың аздығынан, тіпті жоқтығынан. Сондықтан олар балаларын қазақ тілінде оқытуға тәрбиелеп отыр. Бұл үрдіс жыл сайын өсіп, елде жаппай қазақтілді орта мектептердің үлесі артып, қазақ тіліне деген құрмет пайда болды.

Кез келген дерек қазақтілді ортаның қалыптасып келе жатқанын айғақтай алады.

Осы ретте, қазақ тілінде білім алатын мектептерден бөлек, жекеменшік оқу орталықтары да қалыптасты. Олардың мақсаты – қосымша білім беру, сабаққа дайындау. Ата-ана баласының ҰБТ-дан жоғары баға алуы үшін, оны жекеменшік оқу орындарына ақылы түрде жіберуге дайын. Бұл соңғы 5 жыл ішінде жаппай белең алған жағдай. Ал онлайн білім беру жүйесі ше?

Тағы оқыңыз: Daryn.online дайын: Оқушылардың онлайн сабақ оқуына жол ашылды

Онлайн білім беру жүйесінде де сабақ беретін орталықтар бар. Дегенмен олардың ішінде қазақ тілінде жұмыс жүргізетіндері сирек. Осы мәселенің алдын алу үшін республикалық деңгейде Daryn.online білім беру платформасы іске қосылған болатын.

Аталған платформа тек қаладағы оқушылар үшін емес, кез келген жердегі, ауыл-аймақтағы оқушыға толыққанды білім беруге негізделген. Оның ішінде ҰБТ-ға дайындық барысы, оқушылардың ынталы түрде білім алуған барлық жағдай жасалған.