Weekend
Қазіргі жасөспірімдер телефонсыз өмір сүре ала ма?
Батыс университеттерінің бірі мынандай тәжірибе жүргізген екен. 12-18 жастағы жасөспірімдерге 8 сағат ешқандай коммуникация құралынсыз өздерімен жалғыздықта уақыт өткізу ұсынылды.
Соның ішінде оларға компьютерді пайдалануға, радио мен телевизор, сондай-ақ телефон қолдануға тыйым салынды. Есесіне оларға 8 сағатта хат жазу, кітап оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, сурет салу, серуендеу, қолөнер ісі секілді классикалық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік берілді.
Автор бұл эксперимент арқылы қазіргі жастардың өздерінің ішкі әлемдерімен таныс емес екендігі мен пайдасыз істермен айналысуға әуес екендіктерін дәлелдегісі келді. Эксперимент жүргізудің ережесі бойынша, жастар келесі күні келіп, жалғыздықта өткен сынақтың өздеріне қалай әсер еткенін айтуы керек еді. Оларға эксперимент кезінде өз әрекеттері мен ойларын жазып алуға рұқсат берілді. Психолог жастарға өздерін ыңғайсыз, нашар сезінген жағдайда экспериментті сол жерден тоқтатуға болатынын, тоқтатқан уақыты мен тоқтату себебін жазып келу керектігін айтты.
Бір қарағанда бұл эксперимент адам өміріне ешқандай зиянын тигізбейтіндей көрінеді. Бірақ бұл - қате пікір. Эксперименттің нәтижесі дәл бұлай болады деп ешкім ойламады. Жалпы 68 қатысушының 3-еуі ғана экспериментті аяқтаған, олар – екі ұл, бір қыз. 3-еуі суицид туралы ойлаған, ал 5 балаға бұл эксперимент паникалық атака ретінде әсер еткен. Қалған 27 балада бас айналу, жүрек айнуы, іш ауру секілді симптомдар болған. Барлық жасөспірім практикалық түрде қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін бастарынан өткізді.
Балалардың барлығында дерлік өз-өзімен кездескендегі екі-үш сағаттың ішінде өзіне деген қызығушылық пен қуаныш жоғалып үлгерген. Тек он адамда ғана бұл сезім үш сағаттан көп уақыт бойы жалғыздықта отырғанда пайда болған.
Эксперимент соңына дейін шыдаған батыр қыз психологқа жалғыздықта өткен 8 сағаттағы сезімі туралы жазған күнделігін алып келеді.
Эксперимент барысында жасөспірімдер не істеді?
- тамақ пісірді, жеді;
- кітап оқыды немесе оқуға тырысты;
- кейбірі мектепте берілген тапсырмаларды орындады (эксперимент демалыс кезінде болды);
- үйде, далада ойнады;
- көшеге шығып, дүкенге немесе кафеге барды (оларға адамдармен тілдесуге тыйым салынды);
- «Лего» конструкторын құрастырды;
- сурет салды немесе сурет салуға тырысты;
- душқа түсті;
- үй тазалады;
- итпен немесе мысықпен ойнады;
- гимнастика жаттығуларын жасады немесе тренажерлармен жұмыс жасады;
- ішкі сезімдері мен ойларын жазды, қағазға түсіріп хат жазды;
- гитара мен пианино ойнады;
- үш бала өлең немесе проза жазды;
- бір бала бес сағат бойы автобуспен қаланы аралады;
- бір бала паркке барды;
- бір жасөспірім музейге барса, енді бірі зообаққа барды;
- бір қыз құдайға сыйынды.
Барлығының да осы сегіз сағаттың ішінде біраз уақыт ұйықтағылары келді, бірақ жалғыздық ойы оларға ұйықтауға мүмкіндік бермеді.
Экспериментті аяқтағаннан кейін жасөспірімдердің 14-і әлеуметтік желіні пайдаланды, 20-сы телефонмен достарына қоңырау шалды, 3-еуі ата-аналарымен тілдесті, 5-еуі достарының үйіне барды немесе көшеге шықты. Қалғандары теледидар қосты немесе компьютерлік ойындар ойнады. Барлығы дерлік музыка тыңдады немесе құлаққап пайдаланды.
Олардың бойындағы қорқыныш сезімі мен симптомдары экспериментті тоқтатқаннан кейін байқалмады.
63 жасөспірімге бұл эксперимент өздерін тануда пайдалы және қызықты болды. 6 бала бұл экспериментті жеке қайталаған, олар екінші рет сегіз сағат бойы өздерімен уақыт өткізу сәтті болғанын айтты.
Анализ бойынша, эксперимент барысында 51 жасөспірім «тәуелділік», «мен ......... өмір сүре алмаймын», «доза», «маған барлық уақытта ......... керек» деген секілді сөздерді пайдаланған.
Экспериментті сәтті аяқтаған екі ұлдың бірі сегіз сағат бойы парус корабаль моделін құрастырған. Арасында тамақтанып алған және итпен серуендеген. Екінші ұл бала алғашында, коллекцияларын бөлген, кейін гүл еккен. Екеуі де эксперимент барысында негативті ойлар ойламаған.
Осы экспериментке сіз қатысар болсаңыз, өзіңізбен сегіз сағат бойы жалғыздықта уақыт өткізуге дайынсыз ба?