Bugin

Тоқаев латын әліпбиін жетілдіруді тапсырды

Әліпбиде олқылықтар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін жетілдіру бойынша мәдениет министріне тапсырма берді. Оны ол Твиттердегі парақшасында хабарлады.

- Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.