Weekend

Студенттердің сессия кезінде жүрек-қантамыры жүйесінде болатын өзгерістер

Күйзеліске жол бермеу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Студенттердің жоғарғы оқу орындарында білім алуы барысында эмоциональдық ширығуы комплексті зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе. Оқу орындарындағы білім алушылардың денсаулығының бұзылуына тек ақпараттық жүктеме ғана емес, сонымен бірге тамақтау режимінің бұзылуы, ұйқының бұзылуы және гиподинамия да себепкер.Сонымен қатар, білім алушылардың қанайналым мен тірек-қимыл аппаратының бұзылуына оқудың локальды ширығу басымдылығы да әсерін тигізеді.

Білім алушылардың организмінде физиологиялық адаптациялық қайта құрылуды шақыратын маңызды фактор оқу үрдісі және тәжірибелік білімді меңгеру болып табылады. Әсіресе орта мектепте оқыған оқушының жоғарғы оқу орнының бірінші курс деңгейіне көтерілгенде психоэмоциональдық және ой-жұмысы жүктемелері бірден артады. Емтихан және сынақтар тапсыру барысында оқу үрдісін бағалау және оны бақылау үлгілерінің өзгеруінен еңбек және демалу режимі өзгереді.

Жоғарғы оқу орындарының жаңа оқыту жүйелеріне бейімделу, бейімделушіліктің ішіндегі ең күрделісі болып табылады, әсіресе білім алудың алғашқы екі жылында. Жүрек-қантамыр жүйесінің белсенділігі әсерінен жүрек қызметін реттейтін механизмдердің қайта құрылуы организмді әртүрлі жағдайлар мен жүктемелерге бейімдейді. Жүректің жиырылуының жиілігі мен артериялық қысым жүрек-қантамыр жүйесінің маңызды көрсеткіші ретінде организмнің адаптациялық мүмкіншілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісі кезінде студенттердің күйзеліске төзімділігі жеке тұлғаның комплексті қасиетіне де байланысты. Жүйкелік-психикалық күш пен қобалжудың төмендігі, өзін-өзі адекватты бағалай алу, жұмыс істеуге зор қабілеттілік сияқты жеке тұлғалық компоненттерді атап айтуға болады. Мұндай ерекшеліктер мақсатты сәтке қол жеткізуге және тұлғаның эмоциональдық тұрғыда мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Күйзелістік жағдайларға бейімделу кезінде күйзеліс бейімделуді анықтаушы фактор болып табылады. Осындай күйзелістер  сессия кезінде айқын көрініс береді.

 

Дереккөз:kaznmu.kz