Саясат
Әбу Бакр әл-Бағдади - ДАИШ ұйымының басшысы
ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшысының қаза тапқандығын ДНҚ сараптамасы растайды.
Егжей-тегжейлі ақпараттың арқасында Ирак пен Күрд барлаушылары әл-Бағдадидің орналасуын дәл анықтай алған. Бұл туралы "Рамблер" хабарлайды.
Әбу Бакр әл-Бағдадидің әйелдерінің бірі террористік ұйымның жетекшісінің қай жерде болуы мүмкін екендігін айтып берген. Әйелдің өзі осы жазда ұсталып, жауап алынған деп хабарлайды "The New York Times" ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұйым жетекшісі «Сирияның солтүстік-батысындағы шалғайдағы ауылда» болған. Осы ақпараттың арқасында Ирак пен Күрд барлаушылары әл-Бағдадидің тұрған жерін дәл анықтап, оның қозғалыстарын бақылау үшін көрсетілген аймаққа тыңшылар жіберіп отырған көрінеді.
27 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы Идлибте АҚШ қарулы күштерінің операциясы кезінде әл-Бағдадидің қаза тапқандығын растады.
Америкалық көшбасшы оның көзі жойылғандығының дәлелі ретінде – жарылыс болған жерде ДАИШ-тың көшбасшысының денелерін ДНҚ сараптамасы растайтындығын айтты.