Weekend

Пештің үстінде ұзақ жыл ілулі тұрған сурет 24 млн еуроға сатылды

Францияда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

13-ші ғасырдағы флоренциялық суретші Чимабуэдің «Мәсіхті қорлау» картинасы 27 қазанда Францияның Сенлис қаласындағы аукционда 24 миллион еуроға сатылған. Бұл туралы Act on аукциондық үйі хабарлады.

Картинаны нақты кімнің сатып алғандығы туралы ақпаратты аукцион үйі хабарламады.

Сурет көлемі 25,8 - 20,3 сантиметр болатын терек ағашынан жасалған тақтаға салынған. Мамандардың пікірінше, бұл сурет тең өлшемді сегіз элементтен тұратын 1280 жылғы Мәсіхтің Құштарлығына арналған диптихтің бөлігі.

Сауда-саттық барысында сурет бағасы 19,5 миллион евроға жеткен, оның үстіне аукциондық жинақты қосқанда 24-ке барып қалады. Бастапқыда баға 4-6 миллион еуродан аспайды деп есептелген еді.

Бұл сурет ұзақ уақыт бойы Компьень қаласындағы үйлердің біріндегі зейнеткердің асүйдегі пешінің үстінде ілулі тұрған көрінеді.