Weekend

Мәдениетті болайық!

Қайыршы мәдениетінен зияткер мәдениетіне дейін...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Адам мәдениетті жан"

Әбу Насыр әл Фараби

Қоғам өмірінде, адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттің алар орны ерекше. Кез келген саланың, ортаның,  яки болмаса, айналаңдағы адамдардың да өздеріне тән, өзіндік сипаты қалыптасқан мәдениеті болады. Бағзы заманнан бергі заманға дейінгі мәдениеттердің болмысы өзгерген жоқ, тек оған біршама жаңарған мәдениет үлгілерін жалғап толықтыруда. 

Мақалаға арқау болған "мәдениет" сөзі барлық ұғымға сабақтасатын баршаға ортақ өзіндік салмағы бар терең тақырып. 

Мәдениет - кез келген тұлғада дамитын рухани мінез. Қайыршы екеш қайыршының да өзіндік мәдениет үлгісі бар. Мысалға алсақ иық тірескен халыққа толы қалалардың бірі Алматы қаласында көшеде қос алақанын жайып, қайыр сұрауға қымсынатындар өз өнерлерін көшеде көрсетіп қайыр сұрайтыны рас. Бұлда бір қайыршылардың өзіндік мәдениеті. 

"Қайыршы мәдениетінен зияткерлік мәдениетіне дейінгі мәдениет қалай дамиды?" деген сұраққа жауап беріп көрелік.

Қайыршы мәдениеті деп біз өте төмен дәрежедегі мәдениетті топшыласақ зияткер мәдениеті ең жоғары мәдениетке тірелетіні белгілі.

Барлығының өзіне ұнайтын мәдениет иелері болса, менің де нағыз мәдениеттілікті, сыпайылықты, салмақтылықты өз бойына дарыта алған ұстаздарым бар, ол өз туған жерімдегі қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Мұсаев Дәулет Қайратұлы. Ол кісінің бойында кездесетін ең басты өзіме үлгі ете алатындай қасиеті - мәдениет. Кез келген сәтте өзін салмақты ұстай білетін ұстазымның көркем мінезділік, ойын ашық айта білуі, киіну үлгісі адамдарға мәдениеттіліктің нағыз үлгісін көрсететіндей...

Мәдени орта, мәдени жер, мәдени қоғам. Барлығы бір бірімен ерекше тығыз байланысқан жүйе. Демек, ортада мәдениет алғашқы даму сатысынан өтсе мәдени жерде өзін қалай мәдениетті ұстау керек екенін ұғынады. Ал мәдени қоғамда мәдениетті сақтау жоғары дәрежедегі мәдениетті талап етеді. "Бұл мәдениетті кімдерден үйренеміз?"  деген де сұрақ туындауы мүмкін. Жоғары да айтқандай мәдени ортада алғашқы мәдениетті ата- анадан үйренеміз, екінші мәдени жерде мектепте, достарыңның арасында немесе оқу орындарында өзіңнің мәдениетті үлгіңнің сақталу үрдісіне бет бұра бастайсың. Үшінші мәдени қоғам атты бұл мәдениеттің өзің таңдаған мамандық бойынша әріптестерінің арасында, жұмысыңда даму үдерісіне түсетін мәдениет үлгісі. Жоғары дәрежедегі мәдениетті зияткерлік мәдениетінде қабылдадық және солай болып қала берері де сөзсіз...

Күні бүгінде жоғары дәрежеде білім беретін оқу орындарының алғашқы курс жылдарында Мәдениеттану сабағын осы жағдаймен сабақтастыра білімге енгізіп, тұлғаның тұлға ретінде қалыптасуына қоғамның қосар үлесінің зор екендігінің бірден-бір айғағы. Мақаланы қорытындылай келе "Мәдениет - барша адамзат атаулысының ұстанатын ең жоғарғы орында тұрған рухани өзегі" деген анықтаманы айтып, мәдениет ұғымының тынысы тереңде жатқанын ұғындырғым келеді. Біреуге бұйырған, енді біреуге аз бұйырған мәдениет бақтың қоғамның өміріне ең басты қажет дүние екенін алға тартқым келеді. Мәдениет - мәңгі бақи, ғұмыр бойы адамзат үшін рухани қазына болып қала бермек. Ұлы Абай "Жүректен қозғайын, әдептен озбайын" деген қанатты сөзі арқылы жүректегі сөзді айта отырып міндетті түрде әдептілікті, мәдениеттілікті қатар ала жүруге үндейді. Ендеше әрдайым мәдениетті болайық!

Қалиев Ердәулет

Қызылорда облысы, 

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылы.

№150 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Ғылыми- жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы