Weekend

Қызықты сұраққа қызықты жауап: Иттер сізді көргенде үре ме?

Эксперттер иттің адамға не үшін үретіні немесе не үшін үрмейтіні туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаныңда жүрген саққұлақтың сен жайлы не ойлайтыны саған да қызық шығар. Саған ғана емес, адамдардың барлығына қызық сияқты бұл нәрсе. Иттің көңіл-күйін жай адамға танып-білу мүмкін емес. Алайда иттің психологиясын білетін мамандар иттің жүріс-тұрысына, үріс-дыбысына қарап, көңіл-күйі қандай екенін тап басып айта алады. 

Мамандардың пікіріне сүйене отырып, иттің неге үретінін түсінуге тырысып көрейік. 

1. Маңайын қорғау үшін үреді. 

Ит тұрып жатқан жерін, үйін, үйшігін, адамын жеке меншігі санайды. Сондықтан оны қорғауға бар күшін салады. Егер үйдің жанына бөтен адам, мал, жануар жақындаса, ит те мазасыз күйге көшеді. Содан үру, "мінез көрсету" басталады. "Бөтен нәрсені" көрген ит жанында иесі тұрса да, үре береді. Мұны иттің күнделікті мінезі десек болады. 

2. Жағымсыз иіске үреді.

Саққұлақтың иіс сезуі өте күшті. Иесін де иісіне қарап ажыратады. Иесінің иісін жаттап алады. Тіпті, иесінің темекі тартып, одеколон себетініне дейін біледі. Былайша айтқанда, темекінің де, одеколонның да "маркасы" қандай екенін жазбай таниды. 

3. Қорыққанда үреді;

Ит адамның агрессивті болмысын бірден таниды. Егер адам итке "тиіскісі" келсе, оны ертемен сезіп қойды. Тіпті, адамның жай келбетіне қарап та қауіп төнгенін сезіп қою мүмкін. Қолшатыр ұстамайтын адам, қуыршақ ұстамайтын бүлдіршін жоқ шығар. Қолшатырды да, қуыршақты да ит агрессивті қабылдауы мүмкін. Иттің бұлай істеуі өзіне қауіп төнген сезуінде екен. Мұндай жағдайда итке тамақ беріп алдай салған жөн. 

4. Ит психикасының тұрақсыздығы;

Өкінішке орай, иттің сізге агрессия беруіне оның психикасының тұрақсыздығы да әсер етеді. Әсіресе, қаңғыбас иттердің мінезі мен психикасы нашар болады.