Экономика

Банк мені өлтіреді, одан бұрын банкті мен өлтіремін

АҚШ-тың жетінші президенті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ тарихындағы жетінші президент ретінде танылған Эндрю Джексон атын әлем «банк өлтірген» басшы ретінде естерінде сақтап қалды. «Ақша соғысы» кітабында ол жайыда мынандай тұжырым жасалады:

 

1835 жыл 30 қаңтар, АҚШ-тың жетінші президенті Эндрю Джексон қайтыс болған белгілі парламент мүшесін жерлесуге Капитолға (Capitol Hill) барды. Ұлыбританиядан келіп жұмыссыз жүрген Ричард Лоуренсо президенттің қасында ілесіп жүріп отырды. Оның қалтасында тапанша болғанын ешкім білген жоқ.

Президент сүйек шығарылатын үйге кірген кезде, Лоуренсо оның қасынан алыстау жерге барып тұрды. Аза тұту рәсімі аяқталған кезде, жендет ыңғайлы сәтті күтті. Жалпы бұл оқиға АҚШ тарихында өте қызық әрі түсініксіз күйінде есте қалды. Себебі, жендет қалтасынан тапаншасын алып шығып атқан кезде, оқ ұңғының ауызына тығылып қалып, атылмай қалған. Кейін қалтасындағы тағы бір тапаншаны алып атпақ болған кезде, бұл да осындай жағдайда атылмай қор болған. Енді мамандар екі тапаншаның да атылмай қалу көрсеткішін 1/125 000-на тең деп есептейді.

32 жастағы Лоуренсо сотта «мен Ұлыбритания патшасының заңды мұрагерімін, АҚШ президенті әкемді өлтірді, құнын да төлеген жоқ» деп артық айтса керек. Сот айналасы бес минут ішінде оны жынды деп, заңды жауапкершіліктен босатып жібереді.

Осыдан бастап, жүйке аурулары түрлі қастандықтарды қолмен атқарған жендеттердің ең негізгі желеуіне айналып шыға келді.

1835 жылы 8 тамызда президент Джексон мемлекеттік қарызды толығымен өтеп болып еді, ал қастандық оқиғасы 30 қаңтарда жүзеге асырылды.

1845 жылы президент Джексон қайтыс болды. Оның құлыптасына «Мен банк өлтірдім» деген жалғыз ғана сөз жазылды.

Иә, АҚШ тарихында президент Джексонның жасаған саясаты қатты жүрді. Себебі, ол батыстан келген қаржы соғысының әсерін жақсы білді. Әрине, мұның артында Ұлыбританияны билеп-төстеп отырған Ротшильд династиясының ықпалы бар еді. Сондықтан, президент барынша банк жүйесімен күресіп, халық пен билікті тонауға ұмтылған жендеттердің жолына бөгет бола білді. Оның артында «Банк мені өлтіреді, одан бұрын банкті мен өлтіремін» деген сөз қалды.