Саясат
АҚШ пен Ресей одақ болады
Зейнеттегі генерал-майор Осман Памукоглы өзінің "ІІІ дүниежүзілік соғыс" атты кітабында жаһандық соғыстың келбетін сипаттайды.
Оның ойынша кезекті соғыста АҚШ пен Ресей одақтасып, Қытай мен Үндістанның әскери одағына соққы береді. Ресей қазір АҚШ-пен қырғи қабақ болғанымен, жаһандық соғыста керісінше әрекет етеді деп санайды автор.
"Оған бірінші және екінші жаһан соғысында Ресейдің АҚШ-ты таңдауы дәлел" дейді ол.
- Жаһандық соғыс Қытай тарапынан жасалған террорлық акт, балықшы кемесін батыру немесе жолаушылар кемесіне соққы жасаудан басталады, - дейді генерал-майор.