Кеттік, Bugin

Қонақжайлық: Туризм - сарқылмайтын табыс көзі

Бұрынғы құт – бүгінгі «турист»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ес білгелі қазақтың қонақжай халық екенін естіп, көріп өстік. Қонақ келсе, қорадағы соңғы қозысын соятын біздің халықтай - жер әлемде өзге ұлт жоқ шығар бәлкім. Жоқ та. «Қонақ келді, құт келді» дейтін біздің жомарт бабамыз қателеспеген екен. Бұрынғы құт – бүгінгі «турист».

Осы қанға біткен қонақжайлық – бүгінгі біздің «көзерімізге» айналуы тиіс. Бұл дегеніміз Жаратқан сыйға тартқан әсем жерімізді, кең-байтақ даламызды, сұлу көлімізбен, биік тауларымызды барша әлемге көрсетіп, турист арқылы пайдаға кенелу. Кенеліп те жатырмыз. 2019 жылы жаз мезгілінде Алакөлге келіп демалған адамдар саны бір жарым миллионнан асқан екен. Ол аймақтың жол құрлысы әлі бітпегенін ескерсек, демек болашақта аталған санның еселенетіні сөзсіз.

Туризм - сарқылмайтын табыс көзі. Тазалықты сақтап, инфроқұрылымды жөнге салып, қызмет көрсету саласын ретке келтірсең болғаны. 2724000 шақырым жерді алып жатқан біздің мемлекеттің кез-келген аймағы – тұнып тұрған тарихқа, киелі мекенге, ауасы таза демалыс орнына толы. Оған қоса Алтай мен Атырау, Арқадан бастап Жетісу арасында 13 мемлекеттік ұлттық табиғи парк бар. 2020 жылы тағы 2 табиғи парк ашылу жоспарда тұр. Бұл мемлекеттің табиғатқа деген қамқорлығының артқанын көрсетеді. Мысалы, бізбен шекара аумағы ұқсас 2780400 шаршы шақырым жерді иелік ететін Аргентинада (жер аумағы бойынша 8-ші орында) тек 8 табиғи парк бар. Өзіңіз бағамдаңыз.

Қазақстанда Туризм саласының даму көрсеткіші өскенін байқау қиын емес. Туристік қызмет көрсететін компаниялардың саны соңғы жылдары едәуір ұлғайған. Мысалы Алматыны алайық. Қалада жастардың бастамасымен құрылған туристік компаниялар бар. Олардың креативті маркетингті қадамдары қаланың және Алматы облысының туристік кластерінің дамуына зор әсерін тигізу үстінде. «Steppe spirit», «Campit», «Limon.kz» атты компаниялардың ішкі туризмді дамытуға жасап жатқан бет алысы көңіл қуантады.

Фотосурет:@temir_serikbayev