Weekend
Тек өзгермей, рух келмейді
Тектілік жайлы не білесіз? «Жақсыда кек жоқ,жаманда тек жоқ» демекші тек мәселесі әлі де жауабы табылмаған жұмбақтай болып отыр. Бұл жерде менің айтып отқаным - қазақтардың әлі күнге дейін құйыршық құсап жабысып қалған -ов, -ев, -ин сынды жалғаулардан арыла алмауы.
Мұндай құйыршық жалғаулардан құтылғысы келсе, мүлдем кесіп тастайды немесе тегі деген қисынға келмейтін жалғауды тіркеп алуға рұқсат етілген.
Осы орайда көршілес грузин халқының тегіне тоқталсақ. Грузин фамилиялары VII-VIII ғасырларда қолданысқа ене бастады. Көбіне олар әкесінің атымен, не болмаса кәсібіне, қызметіне, лауазымына қарай аталды. XIII ғасырдан бастап, олардың тектері жергілікті жеріне байланысты қойылды. Сондай-ақ мұсылманша мағына беретін есімдер де кездеседі. Мысалы, Нариманидзе, Джапаридзе «джапар» пошташы деген мағынаны білдіреді. Осындай көп тектердің біріне "-ели" жалғауы, мысалы, Руставели. Ал "-али" деген жалғау сирек кездеседі.
Ал тұрғылықты мекеніне байланысты "-ати, -ети, -ити" сияқты жалғауларды жалғанады. Мысалы, Осети, Дзимити, Чинати. Батыс және орталық Грузияда көптеген фамилиялар "-дзе" деген жалғаумен аяқталады, өз кезегінде бұл ұлы деген мағынаны білдіреді. Бұл өте танымал, тек шығыс жағында аз кездеседі. Ал, шығысында " швили", яғни баласы, перзенті деген мағына білдіретін жалғаулар тағылады. Мысалы, Иванишвили, Сакашвили сияқты.
Ал енді бәріміз сүйіп көретін барша әлемге таңғажайып, әзілге толы киносымен танымал атақты Болливуд иелерінің тегіне көз жүгіртсек. Үнді тектері жергілікті жерге, касталық, рулық жақтарына қарай болады. Үнді фамилиялары көбінесе оның дініне немесе касталық шыққан тегіне қарай бөлінеді. Сонымен қатар, олар жаңадан туылған нәрестелерге қорғап жүреді деген мақсатта, өздерінің құдайлары Кришна, Сита, Лакшми, Шива сияқты есімдер қояды. Шарма, Гупта секілді тектер касталардың атымен аталған. Мәселен танымал әртіс Каджал Агарвалдың фамилиясы тұрғылықты жеріне байланысты қойылған.
Пенджаб және Раджастандағы халықтың көбісі Сингх деген текпен танымал. Сингх – арыстан дегенді береді. Әрине, айта берсек мысал көп қой.
Қазақ көп қасірет пен қиыншылықты артқа тастаған ел. Менің ойымша, әлгі құйыршық жалғауларсыз пәмилеміз дұрысырақ, онда менікі Бидайбек Аягөз Төлендіқызы болар еді. Тағы да бір нұсқасы бар. Бидайбектен Аягөз деген. Бірақ мұндағы "-тен" деген шығыс септігінің жалғауы артық деп ойлаймын. Мүлде жалғау болмағаны дұрыс сияқты. Енді егемендік алып, тәуелсіз болғаннан кейін біздеде грузиндер, арабтар, түріктер сияқты елімізді тегімізден-ақ танитын дәрежеде болу керек деп білемін.