Саясат

Ержан Орымбетов «Томирис» фильмін түсірушілерді айыптап отыр

Кітабымның елу шақты тұсы көшіріп алынған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Құрметті Дәурен Әскербекұлы! Жақында «Томирис» фильмінің тұсаукесері дүркіреп өтті. Өкінішке қарай, онда 2013 жылы басылып шыққан менің «Томирис» кітабымның елу шақты тұсы көшіріп алынғанын анықтадым. Сондықтан фильмді жасаушыларға авторлық сараптама өткізу туралы хат жолдадым. Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақфильм» редакциялық алқасы барлық жауапкершілікті фильм сценарисіне сырғыта салды», – деп қынжылады автор.

Айта кету керек, ведомство және «Қазақфильм» редалқасы автор айтып отырған ұқсастықтарды «шамалы ғана» деп бағалап отыр.

Мысалға, кинотуындының басында перзенттің дүниеге келуі кезінде бақсының зікір салған эпизоды бар. Ұқсас фрагмент кітапта бар екен: «Она наколдовала, чтобы в наше селение пришло долгожданное…потомство».

Сондай-ақ фильмде босану үстінде ауырсыну сезімінен азап шеккен әйелдің бақанға сүйенуі бейнеленген. Кітапта: «Вцепившись крепко правой рукой в копьё, она начала тужиться. Была невыносимая боль» деп суреттеліпті.

«Қазақфильм» туындысында ана бөбегіне өмір сыйлау үшін өз өмірін құрбан етеді. Ал шымкенттік автор туындысында жұбайы таңдау жасайды: «Состояние его жены крайне тяжёлое и нужно делать выбор: спасать жену и смириться с потерей ребёнка или рискнуть потерять их обоих (при родах)».

Кинода көп адам шығынын болдырмау үшін Томирис астыртын сөз байласып, қастандық жасамақшы болғандардың жетекшісін өлтіреді, ал оның әскері ұрыссыз беріледі. Кітапта тақ мұрагері осы стратегияны қолданады: «Моментально был захвачен в плен царь и его штаб. Благодаря этому удалось избежать больших людских потерь. Войско царя сдалось без боя».

Одан кейін кинокартинада өз мекеніне жеңіспен оралған Томирис қайырымдылық танытып, тұтқындарды босатады.

«Томирис велела своим воинам отпустить пленников», – дейді кітап, «Шын мәнінде, фильм мен кітап арасындағы ұқсастықтар мардымсыз емес, орасан. Себебі, ондаған сцена мен эпизод сәйкес келеді, кейіпкерлердің біршама сөзді сөзбе-сөз немесе шамалы өзгертілген күйде қайталанады. Сюжеттік желі мен негізгі кейіпкерлердің мінез-құлқы ұқсайды. Олардың көбі ежелгі тарихшылардың қысқа жазбаларында кездеспейді және менің шығармашылығымның жемісі болып табылады. Тек бірлі-жарым сөйлемді көшіріп алғаны үшін ресейлік сот танымал сатирик Ширвиндты плагиатқа айыптады. Қазақстан заңнамасы бойынша ішінара көшіру де авторлық құқықты бұзу болып саналады», – деген Ержан Орымбетов мемлекет бюджеттен қаржыландыратын кез келген сценарийді «антиплагиатқа» тексеру рәсімінен міндетті түрде өтуіне назар аудартты.

Ол сондай-ақ Президентке өтінішпен жүгінгісі келетінін, бірақ электронды қолтаңбасы бұғаттала беретінін айтады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев авторға қайтарған жауабында өз ведомствосы ақпаратқа, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылына, діни қызметке, мемлекеттік жастар және отбасылық саясатқа, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және басқа салаларға басшылық жасайтын мемлекеттік орган екенін ескертті. 

«Осыған байланысты сіз көтеріп отырған мәселелерді қарау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзырына жатпайды. Өзіңізді алаңдатқан зияткерлік меншік нысанына құқық мәселелерін шешу үшін сіз әдеби сценарий авторына немесе заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуіңіз қажет. Жеке немесе қоғамдық сипаттағы әртүрлі мәселелер бойынша Мемлекет басшысына өтініш беру үшін «Қазақстан Президентінің виртуалды қабылдауына» хат жолдауыңыз қажет. Бұл үшін электронды цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек», – дейді министр.

Авторға кино саласына жауапты орган – Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы да жауап қайырыпты. Вице-министр Нұрқиса Дәуешовтің айтуынша, «Қазақфильм» АҚ-ы редалқасы Ержан Орымбетовтың «Томирис» кітабы мен Тимур Жақсылықовтың әдеби сценарийі сюжеттерінің ұқсастықтарының әшкереленуіне орай салыстырмалы талдау жүргізді. Содан кейін тек «елеусіз ұқсастықтар табылды» деген байламға келген.  

«Ол сәйкестіктер Е.Орымбетов пен Т.Жақсылықовтың өз туындыларын жазуы кезінде тарихи және әдеби ортақ, ашық көздердегі материалдарды пайдаланумен негізделген. Бұл ретте Томирис туралы әңгімелер Геродот, Страбон, Полиэн, Иордан Кассидор секілді көптеген ежелгі тарихшылар еңбектерінде кездеседі. Қос автор өз туындыларында сипаттаған ұрыс жүргізу стратегиясы көптеген ашық көздерде, соның ішінде тарихи оқулықтарда да бар», – дейді вице-министр.

Ол 2017 жылы «Қазақфильм» мен Тимур Жақсылықов арасында осы фильмге әдеби сценарий жасау және оны пайдалану бойынша барлық құқықтарды табыстау жөнінде авторлық келісім бекітілгенін еске салады. Келісімге сәйкес, Т.Жақсылықов сценарийді өзі жеке жасағанын, онда басқа біреулердің туындыларынан көшіріп алулар жоқтығын, үшінші тұлғалардың ар-ұжданына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін деректерден ада екенін кепілдендіреді.

«Басқа тұлғалардан, оның ішінде авторлық құқық иелерінен талап, сотқа талап-арыз түскен жағдайда автор «Қазақфильм» АҚ-ын тартпай, өз бетінше талаптар мен шағымдарды шешуге міндеттеме алған», – дейді вице-министр.

Қалай болғанда, ұлы ата-бабаларымыз туралы туындылар тек жақсы жағынан танылса, жөн-ақ.  Бір ай прокат аясында «Томирис» тарихи драмасы жарты миллиард теңгеге жуық (480 млн) кіріс жиған. Демек халық оны қажет етіп отыр.

inbusiness.kz