Bugin
Ұлттық бюро Мәнізоров ісі бойынша Бас прокуратураға шағым түсірді
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басында «пара алды», кейін «алаяқтық жасады» деп айыптаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізовты елдің Бас прокуратурасы ақтап, жақтап шыққан еді.
Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бас прокуратураның Мәнізовты ақтап алған әрекетіне шағым түсіріп, құзіретті мекемеге тағы да ұсыныс хат жолдаған.
Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Тағы оқи отырыңыздар:
«Мәнізоров ісі» бойынша Дос Көшім кімді жауапқа тарту керектігін айтты (хроника-тұжырым)