Экономика

Еліміздің жеңіл өнеркәсібінің жағдайы қандай?

Отандық өнім өтпей ме? Әлде тұтынушысы жоқ па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2016 жылы елімізде тұтынылған сырт киімнің 97%-ы, аяқ киімнің 96%-ы, мата-мақта бұйымдарының 60%-ы шетелдерден әкелінген екен. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізге жалпы көлемі 144,3 миллион долларды құрайтын импорттық киім-кешек әкелінді. 

Олардың 80%-ы Қытай, Түркия, Бангладеш, Италия және Өзбекстан елдерінен жеткізілген. Тіпті халық тұтынатын қолғаптардың 93%-ы, шұлықтардың 73%-ы Қытайдан әкелініп отыр.

Жеңіл өнеркәсіп ассосациясының жетекшісі Любовь Худова дизайнерлер киімнің сән үлгісін дайындап, нарыққа шығарғысы келетінін айтты. Дегенмен, оларға киімді дайындап, нарыққа шығару қиындық туғызып жатқанын жеткізді. Яғни, өнеркәсіп өндірісі жас мамандарға іздеу салмайды. Өндіруші жұмыс күшіне жағдай жасалмағаннан кейін, адамдар бұл салаға бара бермейді. Алайда жеңіл өнеркәсіпті дамыту-жұмыссыздықты жоюдың таптырмас жолы. Тек қажетті мамандарды дайындауға тиісті мекемелердің саны мен сапасы артса.

Ресми деректерде елімізде өнеркәсіп орындарының 58%-ы ғана жұмыс істейтіні көрсетілген. Осындай ақпараттардан хабардар болған халықтың ойында күмән туындайды. Қарапайым күнделікті тұрмысқа қажеттіліктерін таңдауда шетелдің тауарына жүгінеді. Оның ішінде сол баяғы Қытай, Түркия, Қырғызстан елдерінің үлесі зор. Себебі, олардың киім-кешектері, тауарлары қолжетімді әрі сапалы болып келеді. Отандық өнімге деген күмән, сенімсіздік көпшіліктің санасында қалып қойған. Тіпті, сапалы тауар ұсынса да, импорттық тауар артық болып көрініп тұрады.

Мұндай күмәнді сейілту үшін, жеңіл өнеркәсіпке іс жүзінде көп көңіл бөлінуі қажет. Себебі жеңіл өнеркәсіп шикізаттан гөрі жұмыс күшін көбірек талап етеді. Сондықтан еліміздің жеңіл өнеркәсібі әлі дамымаған. Шикізат қорының мақта, мата, зығыр,талшық тағы да басқасы барланған. Дегенмен, олардан дайын өнім жасап шығаратын кәсіпорындар аз. Кәсіпорын жұмыс қолын талап етеді. Ал жұмысшыларға жағдай мен тиесілі жалақы керек. Осылайша, импорттың мөлшерін біртіндеп азайтамыз. Бұл-жеңіл өнеркәсіпті дамыту жолы. Жеңіл өнеркәсіп дамыса, елдің экономикасы ілгері жылжиды. Ал экономиканы дамыту арқылы дамыған елдердің қатарына қосылуға бір қадам жасаймыз.