Саясат
«Қазақ ССР ғылым академиясы» дегенді қалай түсінуге болады?
Қазақстан республикасының өз алдына дербес ел болғанына ширек ғасыр өтседе, әліге дейін кеңестік кезеңнің қалыптастырған идеологиясы қазақ топырағында әлі де жасап келе жатқандай көңілге кірбең тудырады. Әрине, посткеңестік елдердің ұзақ жылғы отардың әсерінен оңаймен айыға салуы ұзақ процессті талап еткенімен, біз тәуелсіз мемілекет ретінде өз дербестігімізді тұтастай сезіне алуымыз керек. Бүгінгі қоғам тілінің шұбарлануы, ұлтқа деген әлдебір түсініксіз комфлексі, тіршілік ету формасы, дүниетанымы, психиологиясы біз ойламаған мүлдем басқа өмір сүрудің жаңа формуласын өмірге әкелуде. Бұл, біздің әліде болса отарлық санадан ажырай алмағанымыздың әсерінен деп топшалауға әбден болады. Себебі, біз өмір сүріп отырған қоғамның келешекте тілдік және ғұрыптық ерекшелеріктеріне орай екіге бөлінудің аз-ақ алдында тұрғанын көзіміз көріп отыр. Сондықтан, ғылым, мәдениет, өнер, архитектура саласындағы қазақ тілінің статусын көтеру мәселесі көтерілмей ешқандай өзгерістің болмайтыны сөзсіз.
Біз посткеңесік мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Советтік идеолгияның шырмауынан шыққыммыз келгенімен бейсана ешқандай ерік бермейді. Ал техника мен ғылым саласын игеруші білімгер ізденушілер әліге дейін кеңестік оқу құралдарын пайдаланып жүргені тағы бар. Бұл шындық. Және бұдан зорғысы сол ғылым саласында қызымет етіп келген Алматы қаласында орналасқан ғимарат (Шевченко 28) бүгінгі ғылым академиясы еліміздің тәуелсіздігін мансұқтағандай «Қазақ ССР ғылым академиясы» деген жазуды маңдайшасына әліде жапсырып отыр. Бұл біздің егемен қазақстан үшін, тарихымыз үшін өрескел ұят. Әрине, ол ғимарат музей қызыметін атқарып отыр деген сыңайдағы ақтап алу пікірі туындауы мүмкін, дегенмен кеңестік кезеңнен сақтап қалар мұраға қаламыз онша құмар болатын болса, неге қаланың көркін ашып тұрған трамвайлар алынып тасталуы керек?! Әрине, жалғыз себебі бұл емес. Оған көп мысал келтіруге де болады. Бірақ, тәуелсіздік алғанымызға бақандай шире ғасыр өтседе осындай өрескел қателіктердің орыны толтырылсып, еліміздің тәуелсіз екенін алға тартанын, түсінбейтіндерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін алға тартамыз және аталған ғимараттың «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жазуымен өзгертілуін талап етеміз!