Түркі әлемі

Қазақта қандай брендтер бар?

Бұрынғы брендті ұмытпай, қазіргі брендті дамытайық!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бренд дегеніміз не? Бренд - сауда белгісі немесе қазіргі кезде біздің бренд деп жүргеніміз-таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы. Әдемі таңба - рәміздерді және фирмалық мәнерді бренд деп атау қате болмады. Бренд - бұл сауда белгісі ғана емес,бұл тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау.

Біздің елімізде отандық бренд аз емес. Мысалы, Жанат Бақыт "Сән үйі", Роза Әлқожаның "мен сыйға тартқан орамал", "Сабыржан Айрин" секілді брендтер көп. Бұдан бөлек "үйретуші қуыршақ Фатима" брендін еске сала кетейік. Бұл қуыршақтың ерекшелігі ол Мұсылманның басты сұрақтарын үйретіп қана қоймай Алланың 99 көркем есімдерін жаттатады. Намазда оқылатын 6 сүрені үйретеді.

Әр елдің өзіндік бренд үлгісі бар. Мысалы, Қытайда ол айдаһар тәріздес болса, көршілес Ресейде аю. Мұны олар бренд дейді. Себебі оларды осы байлықтары арқылы таниды. Бір қызығы, Қытайда айдаһар жоқ, ал Ресейде аю бар. Қазекеңнің де мақтана алатын бренді - ою-өрнек. Көбіне қазақ брендінде, яғни, ұлттық брендте осы ою-өрнек колданылады. "Сабыржан Айрин" брендінде де ою-өрнек, Жанат Бақыт "Сән үйі" көйлектері де осындай нақышта. Тіпті, көк тудың өзі өрнектелген. Яғни, біздің байлығымыздың бірі осы ою-өрнектер.

Киіз үй-ата-бабадан қалған, қазақи үлгідегі үй. Киіз үй нағыз қазақтардың үйі деп айта аламын. Неге десеңіз, қазақ елі-көшпелі халық. Ал киіз үй өте оңай жиналып, оңай құрылған. Көшпелі қазаққа сай киіз үй болған.

Қазақтың тағамының бірі - құрт. Құртты қазақтар шөлді басу үшін, кішкене болсын жүрек жалғау үшін жеген. Аштық кезінде өмір сүрген қазақтар құрт жеп,аштықтан аман-есен шыққан екен. Құрттың да өзіндік емдік қасиеті бар. Сол себепті құрт қазақтың ұлттық тағамының бірі.

Қымыз-қазақтың ұлттық сусыны. Оны қазақтар шөлін басу үшін ішкен. Ата-бабамыз қай жерде болмасын су емес, қымыз ішкен. Ел арасында қымыз немістердікі деген сыбыс шыққан болатын. Менің ойымша, бұл қате. Өйткені, қымызды тек қазір емес, бұрынғы кезде де қолданған. Бұл - қазақтың сусыны. Қымызды тек қазақтар ғана емес, көршілес қырғыз елі де ішеді. Қымыз - түркі тілдес елдер арасында сұранысқа ие сусын.

Қазіргі жасалған бір қадам-болашаққа бір қадам. Қазірден бастап ұлттық брендті дамыту керек. Бұрынғы брендті ұмытпай, қазіргі брендті дамытайық!