Weekend
Авторлық ертегі
Ерте, ерте, ертеде бір ханшайым өмір сүріпті. Ханшайым өте мейірімді, ақ көңіл, қамқор, еңбекқор екен. Ханшайым өмірде ең бақытты жанның бірі еді. Ханшайым өзі сол тұрып жатқан елдің ханшайымы екенін білмейтін еді. Ханшайым көп адамдардан бір сөзді жиі еститін. Адамдар «біз тұрып жатқан жерден арыда бір ел болған, ол жер енді қайтадан бұрынғы қалпына келмейді. Енді ол жердің де, елдің де шаруасы бітті» дейтін. Ханшайым түк түсінбейді. Анасынан сұраса, анасы ешнәрсе айтпайды.
Ханшайым ел айтып жүрген әңгіменің сырын білгісі келді. Бірақ біле алмапты. Бір күні ханшайым орман жаққа барып, адасып сол елге түсіп кетеді. Ол ел өте қорқынышты. Адам баласы жоқ, тым тырыс. Ханшайым ол жерді түгел аралап жүреді. Бір кезде ханшайым «көздерімді ашшы, мен мұндамын» деген дауысты естиді. Ханшайым дауыс шығып жатқан жерге барады. Қараса, көздері топырақ, тасқа толған бұлақты көреді. Ханшайым дереу көзін ашады. Бұлақтан су сарылдап аққанын көреді.
- Ханшайым саған үлкен рахмет, сен маған үлкен жақсылық жасадың, менің көздерімді жиырма жылдан бері жауып тастаған, мен саған бұл ауылдың құпиясын ашайын, - деп тіл қатады бұлақ.
Ханшайым отырып тыңдайды.
- Бұл ел ең бай-бақуатты ел болатын. Патша мен патшайым да бақытты еді. Олардың бір қызы болатын. Менің бұлағымның суы бүкіл елге жететін. Менің бұлағымнын суы күндіз су, ал түнде алтын болып ағатын. Патша елге бұл алтынды жұмсайтын. Менің бұлағымды алтын бұлақ деп патша атап кеткен. Бір күні бір адамдар басқа елден адамдар келіп бұл елдің не үшін керемет екенің, құпиясын біліп алады. Бұл адамдар өздері алтын құдыққа ие боламыз деп қатты қуанып кетті. Елімізді бұл адамдар жаулап алды. Патша мен патшайымды зыңданға тастады. Ал ханшайымды таудан лақтырып жіберді. Ханшайымды олар өлді деп ойлады. Бірақ ханшайым талға ілініп аман қалған еді. Бір шал мен кемпірдің алғанын мен көрдім. Ал еліндегі халқын жұмысқа салып қойды. Ал маған келіп, алтын бұлақ қане, алтын суынды бер деді. Күндіз менен су ақпай қалды, содан кейін ақыры алтын су жоқ екен деп, менің көздерімді тас пен топырақпен толтырып жауып тастады, - деп баяндайды бұлақ.
Алтын бұлақ ханшайымға «патша мен патшайымды, еліңді құтқар, мен саған көмектесемін» дейді.
- Себебі сол елдің ханшайымы – сенсің, - деп шындықты айтады.
Сөйтсе, талға ілініп аман қалған ханшайымды асырап алған ата мен апа бұлаққа тап болған ханшайымның ата-апасы екен.
- Бірде атам мен әжем ұрсысып жатыр екен. Бір кезде «жалғыз қызымыз келіп қалмасыншы, ол шындықты білсе, бізді тастап кетер» дегенін естіп қалған едім. Мән бермеген едім, - деп ханшайым көзіне жас алады.
- Ханшайым, сен жылама, сен патшаны, патшайымды, елінді құтқар, ал мен саған көмектесем, - деді алтын бұлақ.
- Жарайды, - деп келіседі ханшайым.
- Ханшайым, сен алдымен, халқыңды құтқар, содан соң патша мен патшайымды құтқар, себебі сенің бір өзіннің шамаң жетпейді. Сен менің көзімді аштың, енді менен алтын су ағады. Енді сенің еліңді жаулап алғандар маған үймелей бастайды. Алтынды ұстай алмай уақыттары кетеді. Сол кезде сен патша мен патшайымды құтқарып аласың, - дейді.
Алтын бұлақ ханшайымға судың астында жатқан қылышты алып береді. Алтын бұлақ іске кіріседі. Бұл уақытта алтын бұлақтан аққан алтынды көрген жаулары жүгіріп барып, алтын деп шомыла кетеді. Біраз адамдары ыстық алтынға күйіп құлап жатыр, біразы мұздай аққан алтынға қатып құлап жатыр.
Ханшайым өз елінің халқын құтқарады, сол халықпен бірге патша мен патшайымды құтқарады. Ханшайым халқында, патша мен патшайымды да құтқарып осы жерге алып келеді. Жаулары жеңіліп кешірім сұрайды. Патша оларды өз елдеріне қуып жібереді. Өзін-өзі танып білген ханшайым кешкентайынан асырап өсірген шал мен кемпірді тастап кете алмады. Оларды патша сарайына алып келіп, барлығы бірге бақытты өмір сүріпті.
Тасходжаева Жұмакүл Бекташқызы