Weekend

Қытайдағы қоқыс дағдарысы

Шошып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың ең үлкен қоқыс тастайтын орны жоспардан 25 жыл бұрын толып кеткен, деп хабарлайды "BBC News".

Қытайдың Shanxi өлкесіндегі күніне 2500 тонна қоқыс шығаруға арналған "Jiangcungou" полигонының үлкендігі, шамамен, 100 футбол алаңына тура келеді. Бірақ бұл қоқыс алаңына күніне 10000 тонна қоқыс шығарылады.

Қытай әлемдегі ең ірі ластаушы елдің бірі болып отыр. Әрі 1,4 миллиард адам шығаратын қалдықпен жылдар бойы күресіп келеді.

Аталмыш полигон 8 миллионнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Ол 700000 шаршы метрге жуық аумақты алып жатыр. Тереңдігі 150 метр, сақтау сыйымдылығы 34 миллион текше метрден асады.

Елдің статистикалық жылнамасына сәйкес, 2017 жылы Қытай 215 миллион тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаған. Бұл он жыл бұрынғы 152 миллион тоннадан әлде қайда көп болып табылады.

Бұл елде 654 қоқыс алаңы мен 286 өртеу қондырғысы бар. Қытайдың қайта өңдеу мөлшері қанша екені белгісіз, себебі жарияланған нақты мәлімет жоқ. Алайда үкіметтің бір есебінде Қытай ірі қалалардағы қалдықтардың 35%-ын 2020 жылдың соңына дейін өңдеуді жоспарлап отырғаны көрсетілген.

Биылғы шілдеде Шанхайда қоқыстарды сұрыптау және қайта өңдеу міндет етілді. Бұл кейбір тұрғындар арасында «қорқыныш сезімін» тудырды. Өйткені 2015-ші жылы Қытайдың оңтүстігіндегі Шенжен қаласындағы қоқыс үйіндісінде көшкін болып, 73 адам қаза тапқан еді.

Жоғарыдағы себептерге байланысты, енді Қытай басқа елдердің қалдықтарын өңдемейтін болды. 2017 жылдың аяғында 24 түрлі сұрыпты қоқысты шетелден әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Тек 2017 жылдың өзінде Қытай Еуропадан, Жапониядан және АҚШ-тан 7 миллион тонна пластикалық қоқыс пен 27 миллион тонна ескі қағаз кіргізген екен.