Bugin

Владимир Божко мен Гүлжан Қарақұсова депутаттықтан айырылды

Мәжіліс депутаты тізіміне Қоғамдық сенім кеңесінен 6 адам өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Nur Otan" партиясы мәжілістің жаңа шақырылымына енгізілген депутаттарының тізімін жариялады. Ал бұл тізімде бұрынғы депутаттар Владимир Божко мен Гүлжан Қарақұсова, Зағипа Балиева, партияның төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек, премьер-министр Асқар Мамин жоқ.

Жалпы, "Nur Otan" партиясы сайлаудың нәтижесінде мәжіліс палатасына мүше болуға 76 мандат жеңіп алған еді.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Партия Төрағасының Парламент Мәжілісіндегі жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, "Nur Otan" Фракциясының жаңа құрамының 40%-ті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады", - делінген партияның баспасөз хабарламасында.

Мәжіліс депутаты тізіміне Қоғамдық сенім кеңесінен 6 адам өтті: Қанат Нұров, Бақытбек Смағұлов, Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Айдос Сарым мен Бекболат Тілеухан.

Дариға Назарбаев депутат боп сайланды

Бекболат Тілеухан мен Мәди Ахметов депутаттыққа өтті