Bugin

Ресейде 300 мың адам көтеріліске шықты

Өткен жұмада 250-300 адам көшеге шыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде 31 қаңтар күні өткен наразылық шарасына 140 қаладан 300 мыңға жуық адам көшеге шықты. Бұл 23 қаңтар күн өткен бірінші толқыннан да көп. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Открытые медиа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары есептегендей, 31 қаңтар күні Ресейдің 140 қаласында наразылық шарасы өтіп, 200-300 мың адам көшеге шыққан.

Санкт-Петербург қаласында түскі уақыттың өзінде 15-20 мың адам алаңға жиналған. Навальный штабы түсірілген видеоларды алаңда ине шаншар жер жоғын, ТЮЗ ғимаратының баспалдағына дейін адамдар шығып кеткенін көруге болады.

Ал Навальный Live эфирінің мамандары Санкт-Петербургте шыққан адамдардың саны өткен жұмадағыдан әлдеқайда көп. Ол кезде 20-30 мың адам көшеге шыққан көрінеді.

Мәскеуде қанша адам шыққанын есептеу қиындау. Өйткені ОМОН қызметкерлері орталық көшелердің барлығын бітеп, жиналған жұртты ығыстырумен болды. Ал ОМ тілшісінің айтуынша, үш вокзалдың айналасына ғана жиналған жұрттың өзі 15 мың адамға жуықтаған.

Екатеринбургте 12-13 мың адам көтеріліске шықты. Мұны айтқан – қалалық Дума депутаты Константин Киселев.

Новосібір қаласында 6 мың адам шыққанымен, Навальный штабы 10 мың адамға дейін көшеге шықты деп бағалаған.

Краснодар мен Челябі қалаларында 5-6 мыңнан, Архангельск, Вологда, Ижевск, Иркутск, Төменгі Новгород, Омбы, Пермь, Ростов-на-Дону, Саратов, Томбы, Түмен, Уфа және Ярославл қалаларында мыңнан аса адам көшеге шыққан.

Айта кеткен жөн, 23 қаңтар күні де Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйды босатуды талап еткен ауқымды митинг өтіп, оған 250-300 мың адам наразылыққа шыққан еді. Кеше, 31 қаңтар күні, аталмыш толқудың екінші толқыны өтті. 

Навальный ісі: Ресейде мұндай ауқымды митинг бірінші рет боп тұр

Қазақстаннан "Навальный" шығуы мүмкін бе - сарапшылар не дейді?

Билікке Навальный келсе, Назарбаев Қытайдан бір-ақ шығады