Bugin
Навальный штабы енді ақылмен дайындалмақ
Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың ізбасарлары халықты 14 ақпан күні саясаткерді қолдап акцияға қатысуға шақырды. Бұл жайлы Жемқорлықпен күрес қорының штаб желісінің басшысы Леонид Волков Telegram-арнасында жазды.
"14 ақпан күні кешкі сағат 20.00-де аулаға шығып, телефонның қол шамын жағып, аспанға көтереміз. Кейбіреуі басында қорқатын шығар. Бірақ басқасы қорықпайды. Телефон жарығын аулаға шығып 15 минуттай жарығып тұрсаңыз жеткілікті. Сізді көрген көршіңіз де, бейжай қарамай, қамауда жатқан саясаткерді қолдап еске алар. Акция сағат 20.15 кеткенде бітеді. ОМОН жоқ, қорқыныш жоқ. Біреуге 15 минут ештеңе шеше алмайтын сияқты көрінер. Бірақ бәрін өзгертеді!", - деп жазды Волков.
Навальный командасы жақын арада митинг, наразылық шарасын өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Мұны Волковтың өзі мәлімдеген.
"Көріп отырсыздар, 12 мың адам тұтқындалды, штабымыз тоналды. Билік қызметкеріміздің көбін ұстап әкетті. Наразылық акциясын ұйымдастырар ешкім жоқ. Алайда біз тоқтамақ емеспіз. Бәрі алда. Қыркүйекте өтетін сайлауға дайындаламыз", - деді Волков.
Волковтың айтуынша, Навальный Ресейге оралар алдында осындай оқиғаның боларын білген. Түрлі сценарийді қарастырып, жоспар құраған. Сондықтан оны түрмеден шығарып алудың, наразылық акцияларын ұйымдастырудың жоспары да жасалған. Мұны тек алдағы уақытта жария етпек.
Оқи отырыңыз
Навальный алаяқтық бабымен сотталды
Қазақстаннан "Навальный" шығуы мүмкін бе - сарапшылар не дейді?