Bugin

Ресейге қарсы: АҚШ қорғанысқа бөлер қаржыны молайтты

АҚШ серіктес іздеуге көшті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі – Пентагон әскери салаға бөлер қаржыны көбейтуді ұсынды. Мұны ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.

Пентагон басшысы Ллойд Остин НАТО-ға қорғаныс өндірісіне көбірек қаржы бөлуді ұсынды. Оның сөзінше, НАТО елдерінің басты мақсаты – әскери күш арқылы өзінің шекарасы, елін қорғау. Демек, елдің қауіпсіздігі мен шекарасына қауіп төндірер себеп өте көп. Солардың бірі – Ресей мен Қытайдың агрессиясы, терроризм мен ғаламдық жылыну.

"Осы орайда әскери шығындарға бөлінген қаржының жыл сайын өсіп жатқанын айта кеткім келеді. Қаржы бізге НАТО-ның әскери миссиясын жан-жақты орындау мен Ресей мәселесін шешу үшін керек", - дейді Остин.

Мұндай ойды америка журналисттері де жиі айтуда. Мәселен, 17 ақпан күні The Washington Post-та "АҚШ НАТО-ға сенеді" атты тақырыппен мақала жарияланып, басылым тілшісі Ресей мен Қытайға қарсы тұру үшін НАТО елдері бірігіп, ұжымдық қауіпсіздік құру керегін айтқан.

Қазір АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Әсіресе, ресей оппозиционері Алексей Навальныйды кремль билігі соттағаннан кейін АҚШ пен Еуропа одағы елдері Ресей билігін қатаң сынауға көшті. АҚШ та, Еуропа одағы да санкция енгізуге кірісті.

Оқи отырыңыз

Байден: Мен Трамп сияқты емеспін, Ресей енді жауап беретін болады!

Еуропа Одағы Ресейге санкция салуға кірісті