Bugin
Тәжікстанның жері тағы да құрбан болайын деп
Қытай БАҚ-тарында Тәжікстанның жерін қытайға қайтару туралы дау тағы басталды. Ал Тәжікстан қытай билігіне ресми нота жібергенімен, одан қайыр жоқ.
Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Тәжікстанның Памир аймағы негізінде қтай елінің тарихи жері. Одан ол аяқ астынан, ойлмаған жерден айырылып қалған. Мәселен, 2020 жылы жазда қытай тарихшысы Чу Йао Лу жазғандай, Қытай 1912 жылы Батыс елдерінің ықпалымен Тәжікстандағы жерін уысынан шығарып алды
"Оның кейбірі қайтты, ал кейбірі сол күйі қалып қойды. Мәселен, Памир тауындағы жер Қытайға128 жыл болды, әлі қайтқан жоқ", - деп жазады тарихшы мақаласында.
Бірақ қазір бұл мақаланы қытай баспасөзі сайттан алып тастады. Алайда ол тәжік халқының намысына тигені рас.
Тәжікстанның ресми билігі Қытайға наразылық нотасын жіберген. Оны 2021 жылы 15 ақпанда өткен баспасөз конференциясында Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджидин Мухриддин де мәлімдеген.
Алайда ИАЦ МГУ-дің жазуынша, тәжік үкіметі Қытай билігінен бәрібір жасқанады.
"Сондықтан жіберген ресми нотасын тек қағаз күйінде, әшейін әрекет ретінде қабылдауға болады. Тәжік үкіметі өз халқынан тартынып әрі сынына қалмас үшін формальды түрде нота жіберді", - деп жазады басылым.
Қытайдың неге Памирге қызығып отырғаны түсінікті. Өйткені бұл аумақ – Тәжікстанның табиғи кенге бай қазы-қартасы. 2010 жылы Тәжікстан мен Қытай Памирді зерттеуге келісіп, арнайы геологиялық экспедиция құрған. Қытайдың геологтары бұл аумақтың пайдалы қазбаның 47 түрін тапқанын мәлімдеді. Бір маусымның өзінде қытайлар 5 тонна тау кені тасып әкетті.
Памирде ірі күміс кен орны орналасқан – "Бозо Дара". Әлемде 4-орында. 2015 жылдан бері қытай компаниясы жұмыс істеуде. Ірі зауыт салып, кенді тасуға кірісті. Тәжік пен қытай билігі ауыз жаласып, қытай компаниясы 7 жыл салықтан босатылған көрінеді.
"Қытай БАҚ-тары тәжік халқының намысына тиер дүниелер жазса да, билігінің намыстанар түрі жоқ. Душанбе билігі қытаймен қарым-қатынасын бәрібір аялауға тырысады", - деп жазады МГУ ИАЦ.
Қытай БАҚ-тары Тәжікстандағы жерді әдейі Памир деп атайды. Бұл Орталық Азияны кесіп жатқан алып тау сілемі екені белгілі. Оның ұшы Қытайға барып тіреледі. Ал Памирдің тәжік жеріндегі бөлігін жергілікті халық Мургаб деп атайды. Қытай БАҚ-тары Мургаб деп емес, елді шатастыру үшін Памир деп жалпылай жазатын көрінеді.
Оқи отырыңыз