Bugin

Ұлыбритания: БҰҰ Ресейге жаза қолдануы тиіс

Александр Лукашенкоға да қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Доминик Рааб Біріккен Ұлттар ұйымына үндеу жасады. Оның айтуынша, БҰҰ адам құқығы тапталып жатқан Ресей мен Белоруссияға шұғыл арада жаза қолдану керек. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Раабтың ойынша, Ресейдің оппозионер Алексей Навальныйды түрмеге қамағаны "масқара" әрі халықаралық талаптарға "түкіргені".  

Сондай-ақ, британ сыртқы істер министрі Белоруссия да адам құқығының шектен тыс тапталып жатқан тілге тиек етті. Оның айтуынша, Александр Лукашенко наразылыққа шыққандарды басып-шаншығаны – шектен шыққандық.

Айта кеткен жөн, 2 ақпан күні Мәскеуде соты оппозиционер Алексей Навальный алаяқ деп тауып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырған еді. Батыс саясаткерлерінің ойынша, оппозионерді соттаудың астарында Кремльдің сайқалы саясаты, қарсыласынан құтылудың амалы жатыр. Сол себепті оны босатуды, халықаралық заңнамаға сай шешім шығаруды талап етті.

Ал өз кезегінде Ресей Сыртқы істер министрі Мария Захарова "Ресейдің ішкі ісіне батыстың араласуға құқығы жоқ" деп мәлімдеді.

Бұдан кейін АҚШ, Еуроодақ елдері бастаған топ Ресейге санкция салуға кіріскенін ескертті.