Bugin
Бұл жолғы себеп Навальный емес
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ресейге қарсы тағы бір санкцияны енгізуге дайындалып жатыр. Бұл жайлы CNN телеарнасы хабарлады.
Америка билігі Кремльдің оппозиционер Алексей Навальныйды соттағаны, адам құқығын таптағаны үшін жаза қолданбақ. Одан бөлек, Ресей жақында АҚШ үкіметіне хакерлік шабуыл жасап, Ауғанстандағы америка сарбаздарын өлтіруге сыйақы тағайындаған көрінеді. Алайда мұны Ресей мойындамай отыр. Осының бәрі тағы бір санкцияға себеп болса керек.
Кеше ғана Еуроодақ елдері бірігіп Ресейге қарсы санкцияны бекіткен еді. Енді Ақ үй әкімшілігі де шет қалмай Еуропамен бірігіп Ресейге өз тарапынан тағы бір санкцияны енгізбек.
Әзірше санкцияның қалай және жазасы қандай болатыны белгісіз. Алайда Ақ үйдегі инсайдерлердің айтуынша, жаңа санкция Еуропамен ақылдасып барып енгізіледі.
Назар аударыңыз
Қаңтарда Ресей президені В.Путин мен АҚШ президенті Джо Байден телефонмен сөйлесіп, әңгіме барысында Байден оппозионер Навальныйдың тағдырына алаңдайтынын білдірген. Алайда Кремль билігі бұған қарап жатпады.
Алексей Навальныйды 2,5 жыл бас бостандығынан айырып, қатал режімдегі түрмеге тоғытты.
Осыдан кейін АҚШ қаһарға мінді. Ақ үй басшысы Байден "Мәскеуге бәрін ескерткен едім, енді Құрама Штаттар қатаң шараға барады әрі ұлттық мүддесі мен қорғанысын болаттай қорғайтын болады" деп мәлімдеді.
Бұл жерде Джо Байден ұлттық мүддесімізді қорғаймыз деп Мәскеудің америка мемлекеттік органдарына жасаған кибершабуылын айтып тұр. Одан бөлек, АҚШ-тың ойынша, Ресей билігі Ауғанстандағы әлемде тыйым салынған "Талибан" лаңкестік ұйымына қаржы ұстатып, америка сарбаздарын өлтіруге бұйрық берген көрінеді.