Bugin

Жаңатастың әкімі қызметінен босады

Қайғылы жағдайдың қатысы бар ма, жоқ па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен босады. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабар берді.

Аудан әкімінің қызметтен кетуі Жаңатас қаласында болған оқиға себеп болды деген сыбыс пайда болған еді. Алайда Жамбыл облысының әкімдігі Жаңатастағы қайғылы оқиғаның қызметтен босауға еш қатысы жоғын айтты.

Бақытжан Жақсылықовтың өзі қызметтен босатуға өтініш жазған. 

Бақытжан Алпысұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген.

Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болып бастаған.

Айта кеткен жөн, жақында Жаңатас қаласының көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, бес бала өлім құшқан еді. Билік бұл жағдайға бірден назар аударып, бәрін бақылауға алып үлгерді. Қайғылы жағдайға тап болған ата-анаға пәтер беріп, іске қатысты тергеу амалдарын бастап кетті.