Bugin
Түркіменстанда 12 наурызға жоспарланған президент сайлауы басталды.
Елдің орталық сайлау комиссиясының деректеріне сүйенсек, мемлекетте 3 млн 430 мың адам дауыс беру құқығына ие.
Сайлау барысын 2 726 ұлттық бақылаушы, сонымен қатар ТМД елдерінен бақылаушылар миссиясы қадағалап отырады. Президенттікке үміткер ретінде 9 адам тіркелді.
Үш кандидатты саяси партиялар, алты кандидатты ынталы азаматтар топтары ұсынған. Дауыс беру 19:00-де аяқталады.
Айта кетейік, 11 ақпан күні Түркіменстан басшысы Г.Бердімұхамедов президент болып сайланғанына 15 жыл мерейтойына орай биыл президенттік сайлау өтеді деп мәлімдеген еді.
Түркіменнің жаңа сардары: Сердар Бердімұхамедов кім және немен атағы шыққан?