Bugin
Бір кездері Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Балгүл Мамен өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайына байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бір Мөлдір Бекеева арқылы мемлекеттік қызметте, органда, т.б барлық қоғамда болып жатқан проблеманың беті ашылуда.
Кейде шыдамның да шегі болады. Мөлдір қыз жұмыс істеп жүрген ортасына сай одан сайын қасқыр болуы керек еді. Дей тұрғанмен қыз бала ғой, тым нәзік. Нәзік бола тұра ондай ортада жұмыс істеудің өзі батылдық.
Қоғаммен байланыс орнатып, жанталасып жүрген қызды ең болмаса әріптестері жығылғанға жұдырық етіп үсті-үстіне таламау керек еді...
Әттең барлық жерде бар екен...» - деп жазды Балгүл Мамен.
Сонымен қатар ол өзінің басынан да дәл сондай жағдай өткенін айтып берді.
«Менің де басымнан дәл Мөлдірдің басындағы жағдай өтті. Бірін бірі аңду, сату, моральдық тұрғыдан қыспаққа алу, қызғаныш, көреалмаушылық, әңгіме-сөз, өсек, бітпейтін интрига өте көп. Айналдырған 3-4 адамның құйтырқы әрекеті жан-жағымнан шыр айналдырса да ата-анам, бауырларым мен әріптестерім, достарымның қолдауының арқасында ситуациядан аман-есен шығып, мықты болдым.
Барлық жерде бар дерт десем де болады екен..
Барлық жерде мемелекеттік қызмет істер агенттігі, еңбек инспекциясы, т.б. бар. Бірақ осындайда олардың жұмыс деңгейінің қаншалықты екені көрініп қалады..
Міндетті түрде бір жағдай орын алғанда немесе ушыққанда тексеріс жүргізбей, профилактика жасап тұрғандары жөн еді», - деп сөзін түйіндеді.
Айта кетейік, Балгүл Мамен 2020-2022 жылдар аралығында Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болған.
Өзіне қол салмақшы болған Мөлдір Бекееваға қатысты жаңа ақпарат пайда болды