Bugin
Ресейдің «Сбербанкіне» қарасты қазақстандық «Сбербанкіне» мемлекеттік холдинг – «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ сатып алуы мүмкін. Мұны ҚазТаг агенттігі хабарлады.
«Сберді» ұлттық холдинг – «Бәйтерек» холдингі сатып алуы мүмкін. Сосын Еуропа қайта құру және даму банкіне береді. Кейін банктің атауы толық өзгертіледі», - деп ақпарат берген агенттіктің дереккөзі.
Айта кетейік, тағы бір ресейлік «Альфа-банкті» қазақстандық «ЦентрКредит Банкі» сатып алған еді. Ал «Сбердің» біраз несие портфелін қазақстандық «Халық банк» сатып алды.
«ВТБ» мен «Сбербанктің» иелері ауыспақ. Мұның бәрі аталмыш қаржы институттарын санкциядан шығарудың амалы болса керек. Бұл ресейлік банктерде қазақстан азаматтарының Т3 млрд теңгеге жуық қаржысы бұғатта жатқан көрінеді.
Қазақстан ресейлік «Сбербанкпен» жасаған келісімін бұза ма, жоқ па?