Bugin

Щучинск әкімі балағат сөзі үшін қалай жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізген. Эфир аяқталған соң әкімдік қызметкері оны өшіре алмаған. Эфир бітті деп ойлаған әкім журналистің сұрағына қатысты дөрекі сөз айтады. 

Қала басшысының өрескел әрекеті дау тудырды. Бастапқыда халық әкімнің дөрекі сөздері өздеріне бағытталды деп ойлаған. Кейін Олжас Нұрмағамбетов эфир жазбасын жариялап, "бір жерге" барлық тұрғындарды емес, тек желідегі жергілікті парақшалардың бірін жібергенін түсіндірді. Бірақ бұл оған жазадан құтылуға көмектеспеді.

Тікелей эфирде есеп бергеннен кейін балағат сөз айтқан Щучинск әкімі қатаң сөгіспен құтылып кетті. 
 

КТК телеарнасының хабарлауынша, қызметтік тергеу барысында дәлелдер табылған.

“Ақпарат расталды. Нұрмағамбетовке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бүгінгі күні осындай ереже бар: егер қызметкер өзінің бұзушылығын мойындаса, онда тәртіптік кеңесте, әдеп жөніндегі кеңесте қараусыз қалуға болады”, - деді Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айна.гүл Жанаділова

Еске сала кетейік, бұған дейін дөрекі жауап берген әкімге қатысты қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.