Bugin

Елімізде педофилдерге берілетін жаза өзгертілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде педофилдерге берілетін жаза қатаңдатылмақ.

Осы бағытта жұмыс бастадық деген балалар уәкілі Түркістан облысына келді. Соңғы рет Сарыағаш ауданында болған жағдай естіген жұрттың жағасын ұстатқан еді. Прокурорлардың мәліметінше, биыл азғындық ісі Түркістан облысында 32 пайызға өскен.

Түркістан облысында балаларға қатысты қылмыс көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жеті айда аймақта кәмелет жасына толмағандарға қатысты заңбұзушылық 27 пайызға өскен. Ал қаршадай балаларды зорлау 32 пайызға көбейіпті. Бұл – аймақ прокурорының айтқан статистикасы. Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, жағдайды түзетудің басты жолы – орталық ашу.

Түркістан облысында балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық қатары сиремей тұр. Мамырда Арыс қаласында 5 жасар қыз атпалдай көршісінен қашып құтылған еді. Араға ай салып, дәл сондай жағдай Сарыағаш ауданында да қайталанды. Алайда бұл жолы бүлдіршін аман қалмады. Қорланған қаршадай қыздың сау-тамтығы қалмаған денесі көрші үйдің шатырынан табылған еді.

Қазақстан бойынша сұрықсыз статистикаға сүйенсек, өткен жылы азғындыққа қатысты 383, биыл 252 қылмыстық іс тіркелген. Осылай деген жауаптылар педофилдерге берілетін жазаны күшейту үшін заңға өзгеріс ұсынбақ. Әзірге жазаның қаншалықты қатаңдатылатыны талқыланып жатыр.

Еске салайық, Түркістан облысында бес жасар қызға көршісі азғындық жасап, өлтіріп кеткенін хабарлаған едік.