Bugin

Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатынан оқыстан құлап, мертігіп қалды.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше қайғылы оқиға кеше түнде орын алған. Ақтаудағы 13 шағын аудандағы көпқабаттың үйдің ауласында болған жағдайдан кейін бірден жедел жәрдем келді.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен 1978 жылы туған ер адам қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

"Науқас өте ауыр жағдайда. Оған қатысты тиісті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр", деп хабарлайды МО ауруханасының баспасөз қызметіндегілер.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61