Bugin
Алматыда бір жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт сау табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Еріктілердің мәліметінше, 2004 жылы туған Нақысбеков Нұрхан Батырұлы 2022 жылдың 7 тамызында хабар-ошарсыз кеткен. Жігіт Бостандық ауданы, Торайғыров көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Бастапқыда жігітті іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Нұрхан осы жылдың 25 тамызында ғана табылды. Осы уақыт ішінде оның қайда болғанын туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, Алматыда үйінің жанында асылып тұрған бойжеткен туралы тың дерек шыққанын хабарлаған едік.