Bugin

Борлы тауға атын ойып жазған азаматқа қатысты қандай шара қолданылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтаудағы борлы тауға қашап жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев болып шықты. Еңбек демалысынан шыққан соң оған шара қолданылады, деп хабарлайды деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақтаулық Азамат Сәрсенбаев өз парақшасына борлы тауға ойып жазып, табиғатқа зиянын тигізген адамды тауып, жазалауды сұрады. Бейнематериалдан ер адамның балға мен үшкір зат арқылы ақ борлы тауға қашап жазып тұрғанын анық көруге болады. Желі қолданушылар оның руын, "Ақкете" деп жазып жатқанын айтады. Әрі оның көлігінің нөмірі де жазулы тұр.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарлауынша, бейнематериалда көрсетілген адам бюджеттік мекеме басшысы.

"Қазіргі таңда еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады",- деп жазды Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті болса борлы тауға қашап жазған ақтөбеліктің кім екенін анықтап, әкімшілік хаттама толтырмақ. Ал Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова видеодағы адамның әнші, мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екенін растады.

"Ол қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты зағиптар мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев. Өзге ақпаратты қалалық мәдениет бөлімінен сұраңыз",- деді Алтынай Юнисова.

Еске салайық, бүгін Ақтауда үстіне диван құлаған адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.