Bugin

Өскеменде жол жиегінде тұрған көлік жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемен қаласында жол жиегінде тоқтап тұрған Lada Priora көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 тамызда түнгі сағат 01.15 шамасында Шәкәрім даңғылында болған.

"Жол жиегінде уақытша тоқтап тұрған Lada Priora автокөлігі отқа оранған. Тілсіз жау багажды, салонды, доңғалақтардың артқы шиналарының, аспаптар панелін және қозғалтқыш бөлігінің жартылай жанатын бөлшектерін шарпыды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті", - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары автокөлік иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Көлік салонында міндетті түрде өрт сөндіргіш болуы керек.

Еске салайық, кеше Шымкентте жеңіл көліктің жанып кеткені туралы хабарлаған едік.