Bugin

Оралда із-түзсіз жоғалған 53 жастағы әйел табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғ.Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты.

Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған.

Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Оралда бойжеткеннің жоғалғаны туралы жазғанбыз.

Бір жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт туралы тың дерек шықты