Bugin

Пригожинді ақтық сапарға шығарып салуға кімдер қатысты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан бірнеше күн бұрын Ресейде жеке ұшағы құлап, қаза тапқан«Вагнер» жеке әскери жасағаның жетекшісі болған Евгений Пригожин Санкт-Петербургтегі Пороховский зиратына жерленді.

Нalyq-uni.kz мәліметінше, оны соңғы сапарға туған-туыстары мен жақындары ғана шығарып салған.

Жерлеу болатыны туралы Ресей билігі ешқандай мәлімде жасамады.

Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Пригожинді ақтық сапарға шығарып салуға оның туыстары мен өте жақын достары ғана барған. Жерлеу рәсіміне куә болған зираттың қызметкерінің айтуынша, Пригожинмен қоштасуға небәрі 20-30 адам ғана келген. Әскери киімдегі адамдар болмаған.

«Вагнер» компаниясының экс-басшысының денесі әкесінің қабірінің жанына қойылған. Бұған дейін Пригожиннің орынбасары болған Валерий Чекалов та жерленген болатын.

Еске сала кетсек, 23 тамызда Пригожиннің жеке ұшағы белгісіз жағдайда апатқа ұшырап, бортта болған 10 адамның бәрі қаза тапты.

Пригожиннің өліміне Путиннің қатысы бар ма?

Путин Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді