БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Томирис Мұхаммеджан
Дүкенннен алған тауар жарамсыз немесе сапасыз болатын жайттар кездеседі. Мұндай кезде не істеу керек? Кімге хабарласқан жөн? Bugin.kz оқырмандары үшін заңгер Назира Біләлқызы осыған қатысты сұрақтарға жауап берді.
Егер тауар сапасыз болса...
Алдымен, дүкенге наразылық (шағым) жазу керек. Шағымда тауардың нақты ақауын жазып, талабыңызды қоса көрсеткен дұрыс. Яғни, өнімді айырбастағыңыз келе ме, әлде төленген ақшаны қайтаруды қалайсыз ба, осыны ашып түсіндіріңіз. Мұны жазу үшін сатып алу күні, өнім атауы, сериялық нөмірі, бренд, талап-арызды жазған күніңіз бен қолыңыз қойылады. Бұл өтініштің біреуі сізде болады. Екіншісін дүкен әкімшісі не уәкілетті органға тапсырасыз.
Сатып алмай тұрып, тауарды бүлдіріп алсам...
Мұндай жағдайда тұтынушы тауардың ақысын төлеуге міндетті емес. Бұған сатушы жауапты. Ал сізді кінәласа, сотта дәлелдеуі керек. Егер сізге "төлеңіз" деп қысым жасаса, 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Қазақстан Республикасы азаматының еркін жүріп-тұруына ешкім кедергі бола алмайды.
Кірген кезде сөмке тапсыру міндетті ме?
Дүкен ішіне кірген кезде сөмке немесе басқа да заттарыңызды қалдыруға міндетті емессіз. Бұл - сіздің өз еркіңіз. "Тапсырыңыз" деп айтса, дүкен әкімшісін немесе полицияны шақыруға құқығыңыз бар.
Сурет-видеоға түсіре аламын ба?