Bugin

Ризабек Айтмұханның чемпион болуына Шавкаттың септігі тигені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: tengrisport.kz

"Dar Team" бапкері Эдуард Базаров 19 жастағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Олар (Шавкат пен Ризабек) 2,5 жылы бір залда жаттығады. Мен қай залда болмасам да, Ризабек үнемі менімен бірге. Ол бір салмақ категориясына төмен болғанда Шавкатпен күресу ыңғайлы болатын. Теңдей арпалысатын. Кейін екеуі жақсы достасып алды. 

Ризабек маған айтқаны бар, Шавкатпен жаттыққан сайын өзіне сенімі артып келе жатқанын. Шавкаттың энерегетикасы күшті, ол жеңіске жетеріне еш күмәнданбайды. Міне осынысы жастарға беріледі. Ризабек чемпион болғанда Шавкат қатты қуанды. Шавкат оны үнемі дұрыс сөздер тауып, рухтандырып жүретін", - дейді Базаров "Вестник ММА" арнасына берген сұхбатында.