ДАМУ

"Әрбір үшінші адам қаза тапқан": Альпинизм туралы қызық деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Томирис Мұхамеджан

Ең қиын әрі қызықты саланың бірі - альпинизм. Bugin.kz порталы альпинизм туралы деректер ұсынады.

"Альпинизм" французша "alpinisme" Альп тауының атауынан шыққан сөз.

Жыл сайын 8 тамызда "Халықаралық альпинизм күні" атап өтіледі. 1786 жылы Альпінің ең биік шыңы Монбланды қос швейцариялық Мишель-Габриэль Пакард пен Жак Бальмат бағындырды. Негізі бұл оқиғадан 25 жыл бұрын атақты швед ғалымы және альпинист Гораций Бенедикт Соссюр Монбланды бағындыруға тырысқан. Сәтсіз сапардан кейін Соссюр Монблан шыңына жеткен адамға үлкен сыйақы төлейтінін мәлімдеген.

Эверестті бағындырған ең жас альпинист – америкалық Джордан Ромеро. Ол 2010 жылдың мамырында әлемнің биік нүктесіне шығып, 13 жасында Джомолунгманы бағындырған кісі ретінде тарихта қалды. Ал Джорданға дейін 2003 жылдың мамыр айында непалдық Минг Кипа есімді ару 15 жасында бұл шыңға шығып, рекорд орнатқан еді.

Непалдың Эверестке жақын аумағында "шерпа" атты этникалық топ мекендейді. Медициналық зерттеулер олардың қан айналымы жылдамырақ екенін дәлелдеген. Бұл қасиет биікке шыққанда "қан қысымының көтерілуі" секілді аурулардың алдын алады.

Дүниежүзінде биіктігі 8000 метрден асатын 14 шың бар. Оның 10-ы Гималай тауында орналасқан. Осы шыңдардың барлығын бағындыру – әр альпинистің арманы. Қазіргі таңда 41 альпинист барлық биік нүктеге шыққан, оның төртеуі әйел адам.

Ең көп адам өлімі тіркелген шыңдардың бірі – Аннапура. Тәжірибелі альпинистер шықпаса, межеге жету қиын. Статистикалық мәлімет бойынша, Аннапураны бағындыруға аттанған әрбір үшінші адам қаза тапқан.

Таудан 37 жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистің сүйегі табылды

Қырғызстан тауларына шыққан бір топ альпинист із-түссіз жоғалып кетті