Bugin

21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындар сатылмайтыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: yaplakal.com

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Министрдің дерегінше, зерттеу бойынша:

"Елімізде ересек тұрғындардың 21 % темекі тартады, балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар, соның ішінде 6 % семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 % вейпты тұрақты түрде шегеді. Энергетикалық және тәтті сусындарды ішуі - 17,5 %", – деді ведомство басшысы.

Ажар Ғиният бұл мәселенің қалай шешілетінін айтты. Сөзінше, медициналық көмектің сапасын арттыру үшін жеке меншік ұйымдар тартылып жатыр.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер 57 % болса, жеке меншік медициналық ұйымның үлесі 43 %", – деді Ажар Ғиният.

Ведомство басшысы вейптерге қатысты заң мәжілісте қарастырылып жатқанын айтады. Сондай-ақ министрлік 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу қаралып жатқанын атап өтті.