Bugin

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін Цезарьға,сот төрешісін Геркулеске теңеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа тағы келді. Бұл жолы бұрынғы шенеунік рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, 2019 жылы Мұхамедиұлынан қаржылай көмек сұрап, Астанадағы "Diplomat" қонақ үй кешеніне иелік ететін кәсіпкер К.-ның танысы жүгінген. Мұхамедиұлы кәсіпкерге 2,5 миллиард теңге беруге келіскен, бірақ оның орнына одан ЖШС жарғылық капиталының 71 пайызын енесіне аударуды сұраған. Тергеу сол кезде шенеуніктің басында қонақүйді өзіне алу жоспары қалыптасқан деп есептейді.

Мәміле жасалғаннан кейін шенеунік қонақүйге жүйелі түрде келе бастаған әрі оны қызметкерлерге қонақүй иелерінің бірі ретінде таныстырады. Ұзақ уақыт өтпей, айыптаушы тараптың айтуынша, Мұхамедиұлы К.-дан қалған 29 пайыздан бас тартуды талап еткен. Ол бұл ұсыныстан бас тартқаннан кейін шенеунік "Дипломат" қызметкерлеріне ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеу туралы бұйрық береді. Одан кейін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамалары бұрмаланып, онда серіктестік директоры Мұхамедиұлымен үлестес тұлғамен ауыстырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспей, жәбірленушіні саясаткер Марк Юниус Брутпен, ал өзін опасыздық жасалған Гай Юлий Цезарьмен салыстырды.

"Біз Рим империясының тарихынан адамзат тарихында сатқындық пен арамдықтың символы ретінде қалған Марк Юний Бруттың әрекетін жақсы білеміз.Ал Гай Юлий Цезарь Бруттың сұмдығына қарамастан, тарихта даналықтың үлгісі ретінде қалды. Ал сен, Брутсың" - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бұл ретте судья Әбінұр Қарабаев, Мұхамедиұлының айтуынша, тарихта Геркулес деген атпен қалады.

"Аугей патшаның қорасын көңнен тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты сіз де осы сот ісіндегі арамдық пен өтірікті ашасыз деп сенемін", - деді экс-министр судьяға.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін ол Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған болатын. 

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына үкім шықты

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне байланысты жаңа дерек шықты