ДАМУ

ТОП-6: Жастарға арналған қазақша үздік подкастар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Томирис Мұхаммеджан

Қазіргі таңда подкаст (аудио-шоу) жылдам дамып келе жатқан форматтың бірі. Мұның басқа медиа құралынан айырмашылығы - подкасты әртүрлі жағдайда тыңдауға болады. Мысалы, үй жинау, спортпен айналысу, көлік жүргізу және т.б. түрлі іс-әрекеттерді қатар алып жүре аласыз. Bugin.kz тілшісі жастарға арналған үздік қазақстандық 6 подкасты ұсынады.

Ozgery kerek

apple.com

apple.com
apple.com
apple.com
"Өзгеру керек" подкасын блогер Айна Досмахамбетқызы жүргізеді. Бұл подкаста көбінесе күнделікті тұрмысқа әсер ететін тақырыптар, қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, тұлғалық даму, бала тәрбиесі және т.б. қозғалады. Тақырыпқа сай әртүрлі сала мамандары қонаққа шақырылады.
 

apple.com

apple.com
apple.com
apple.com
Бұл подкаста қазақ жастарының рухани, интеллектуал дамуына үлес қосатын қонақтар шақырылып, түрлі тақырыпта өз ақыл-кеңестерін бөліседі. Подкасты IT маманы Нәрікби Мақсұт жүргізеді.
 
apple.com
apple.com
apple.com
apple.com
Подкасты журналист Назира Қасымбек жүргізеді. Мұнда жасөспірімдердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін сала мамандарымен сұхбат жасалады. Сондай-ақ, мамандық таңдау бойынша түрлі лайфхактар айтылады.
 
 
apple.com
apple.com
apple.com
apple.com
Бұл подкастың ерекшелігі - қыз балалардың рухани және тұлғалық дамуына арналуында. Подкасты Жаннұр Таласбаева жүргізеді. Әртүрлі қыздарға, әйелдерге қатысты тақырыптар қамтылады. Соған сай әр саланың мамандары қонаққа шақырылады.
 

apple.com

apple.com
apple.com
apple.com
Авторлық подкасты Әйнел Әмірхан жүргізеді. Подкастқа түрлі саладағы мамандар шақырылып, өз ойларын ортаға салады. Алталмыш подкаст биыл баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін "Үркер" ұлттық сыйлығында "Үздік подкаст" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. 

 

apple.com

apple.com
apple.com
apple.com
Аудиторияның тұлғалық дамуына ықпал ететін подкаста қонақтардың кеңестері мен тәжірибелері айтылады. Оның ішінде қазіргі маңызды мәселеге айналған баспана алу, қаржылық сауаттылық, қыз бен жігіт қарым-қатынасы, артық салмақ тақырыптары қозғалған. Подкасты журналист Құндызай Өтеген жүргізеді.
 
Подкаст кейінгі уақытта жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Аталған подкастарды барлық аудио платформалардан тыңдай аласыздар.