Bugin

Қарағанды-Астана тас жолында 5 адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қарағанды-Астана тас жолында 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданында "Қарағанды-Астана" тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.
 

" Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде",-деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.