Bugin
Фото: pixabay.com
Өскемен қаласындағы колледждердің біріндегі асханада студенттер уланып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Кazinform сайтына сілтеме жасап.
Қаладағы колледждердің біріндегі асханадан тамақ ішкен 10 бала уланып қалған. Қазіргі уақытта білім ордасының студенттері 2 күнге қашықтан оқытуға жіберіліп, аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
"11 қазанда қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігіне (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар мен зертханалық зерттеулер тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады", - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Осы ретте, ШҚО Білім басқармасы да оқиғаның себебі анықталып жатқанын мәлім етті.